ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ТОП КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Түркістан қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-лицейі “Жастар арасындағы интернет алаяқтық және құқықбұзушылық,қаржы пирамидасына қарсы күрестің, лудомания, алдын алу” бойынша ақпараттық-насихаттық топтың кездесуі өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары қатыстып, қоғамдағы тәртіптің жай-күйі бойынша бейнероликтер көрсетіліп, мәліметтер берілді. Жиынға Ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспектор маманы-Салтанат Ержанқызы,Түркістан ҚПБ ЖПҚ-ның учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Рыскулов Асан,Түркістан ҚПБ ЖПҚ Ювеналдық полиция тобының аға УПИ полиция майоры К.Қапашов, Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Досова Алия және педагог-психолог Джуманова Динара қатысты.
Интернет желілеріндегі алаяқтықтың бір ерекшелігі- қылмыскерлер тек Қазақстан Республикасында ғана емес, аның аумағынан тыс жерлерде де болуы мүмкін, яғни қылмыстың бұл түрі халықаралық сипатта болады. Аталған қылмыстарды ашу алаяқтар ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, желілерде тіркелу кезінде және ақша қаражаттарын алу барысында да өз деректерін жасырып жасайтындығына байланысты ерекше қиындық туғызады.Қылмыстарды объктивті тергеу мақсатында тиісті процедуралық іс-шаралар мен қажетті операциялар және т.б тергеу амалдары өткізіледі, сондай-ақ істердің тергелу барысыұқыптылықты, көптеген карточкалық аударымдар бойынша мұқият аналитикалық жұмысты, ақыл-ойдың өткірлігін және көп уақытты қажет етеді.
Азаматтардың интернет-алаяқтық туралы әрбір өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі, қазіргі уақытта ол бойынша белгілі бір сот-тергеу практикасын, оларды ашу және тергеу әдістемесіннақты әзірленген. Мұндай қол сұғушылықтардың құрбаны жасына, жағдайына, ұлтына, мамандығына және т. б. статустарына қарамастан кез келген азамат болу мүмкін. Сонымен, интернеттегі алаяқтықты жүзеге асыру барысында қылмыскерлер өздерін банк қызметкері немесе банктің қауіпсіздік қызметі ретіндетаныстырады, жалған электронды чек пайдалану, сатып алу туралы хабарландыру, жарнамалық желілер арқылы тауарларды жарнамалау және сату және онлайн-кредиттерді ресімдеу арқылы жасайды.
Интернет-қылмыскерлердің құрбаны болмас үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек:
-паспорттық және өзге де дербес деректермен бөліспеңіз, банк карталарының нөмірлерін, пин-кодты, сондай-ақ ұялы телефонға келіп түскен SMS парольдерді, тіпті егер Сізге Банк қызметкерлері ретінде таныстырған болса да бермеу қажет.
– жарнамадағы ақпаратты, әсіресе жақсы басылған ақпаратты мұқият және толық оқып шығу;
– кез келген ұсыныстарға сын көзбен қарау;
– тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлеуге келіспеу;
– белгісіз адамдарға ақша аудармау;
– күмәнді шарттармен мәмілелер жасамау;
– банк қосымшалары арқылы шоттағы шығыс лимитін белгілеп, мүмкін болатын транзакциялар мөлшерін шектеу;
– өз құжаттарыңызға қол жеткізуді шектеу (жеке куәлік, банк картасы), құжаттардың фотосуреттерін ешкімге жолдамау;
Көрсетілген мәліметтер алаяқтарға белгілі болған жағдайда, оларға алдағы уақытта микрокредиттік қаржы ұйымдарында немесе банктерде олардың атынан несиелерді оңай рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Соңғы уақытта өзге адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын пайдаланып, қаржылай көмек сұрайтын алаяқтардың әрекеті күшейіп кетті. Мұндай алаяқтықтың құрбандары көбейген. Бұған дейін танымал тұлғалардың, әлеуметтік желі белсенділерінің жалған аккаунттарын жасау арқылы азаматтардан ақша сұрау жиі кездесетін болса, енді алаяқтар қарапайым азаматтарға да көшкен. Алаяқтық схемасы қарапайым: кез келген адаманың әлеуметтік желідегі жалған аккаунты жасалады. Сол арқылы оның жақын туыстарына, достарына не өзге таныстарына хат жазу арқылы белгілі бір банк картасына ақша аудару сұралады. Мұндай деректер әсіресе Telegram мессенджерін пайдаланушылар арасында жиілеген. Z-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің мамандары шабуылға ұшырағандардың әлеуметтік желілерде байланыс деректерінің дербестігін сақтамағанын, сондай-ақ, байланыс деректерінің еркін таралып кеткенін айтып отыр.
Қазіргі кезде киберқылмыстың 99 пайызы интернет алаяқтық. Бұл туралы бүгін Парламенттің төменгі палатасында киберқылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша отырыста ҚР Ішкі Істер Министрінің орынбасары Айдос Рысбаев мәлімдеді. Ішкі Істер Министрінің орынбасарының айтуынша соңғы 7 жылда Қазақстанда интернети алаяқтық он есе өскен.
«Мұндай қылмыстар өткен жылы тіркелген қылмыстардың жалпы санының 19 пайызын және барлық алаяқтықтардың 50 пайызын құрайды. Бұл ретте өткен жылы ғана азаматтарға келтірілген залал 21 млрд. теңгені құрады. Бүгінгі күні 3645 интернет алаяқтық тіркелген. Ол барлық жасалған қылмыстың 18 пайызын құрайды және жасалған жалпы алаяқтықтың 43 пайызы. Қазір 4000 интернет алаяқтық жасады деп 2000 адам ұсталған», -дейді Айдос Рысбаев.
Маманның сөзінше Қазақстанда интернет алаяқтықты көбінесе шетел азаматтары жасайды екен. «Қазақстандықтарға қатысты мұндай қылмыстар шетелден де жасалады. Мысалы, Украина аумағында қазақстандық азаматтарға қатысты қылмыс жасаған ірі “Колл-орталық” мүшелері ұсталды. Осы себепті мұндай қылмыстардың трансшекаралық сипаты оларды тергеуде ерекше қиындық тудырады», -деп отыр Айдос Рысбаев.
Өкініштісі ұрланған ақшаның 90 пайызы елден шығып кетеді екен. Ішкі Істер Министрлігі өкілінің сөзінше, азаматтар алаяқтардың «құрбанына» айналғанын түсінбей тұрып-ақ ұрланған ақша шоттардан алынып, шетелге жіберіледі. Орташа алғанда, олардың қылмыс жасаған сәттен бастап ішкі істер органдарына жүгіну уақыты 3 күннен бірнеше айға дейін созылады.
Цифрлық сауаттылық дегеніміз – интернет желілерін қауіпсіз және тиімді пайдалануға қажетті білім мен дағды. Статистикаға сүйенсек, еліміз бойынша цифрлық сауаттылықтың деңгейі көңіл көншітпейді. Жиі азаматтар цифрлық мәдениетінің төмен болуына байланысты өзінің жеке, дербес деректерін алаяқтың қолына беріп қойып, соңынан сан соғып қалады. Елімізде цифрлық мәдениетті дамыту шаралары қарқынды түрде жүзеге асып жатыр. Заман талабына сай бұл мәдениет түрін жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында мектепте оқыту қолға алынды.
Алаяқ ұсталған жағдайда ауыр жаза қарастырылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Қазақстанның киберполициясы киберқылмыстармен күреске белсенді қатысып, оң нәтижелер көрсетіп жүр. Киберполицияның негізгі қызметтеріне хакерлік, фишинг, интернеттегі алаяқтық, жеке басын ұрлау, маңызды инфрақұрылымға шабуылдар, зиянды бағдарламаның таралуы, кибертерроризм деген сияқты киберқылмыстардың алдын алады. Киберполиция сонымен қатар киберқауіпсіздік туралы ақпараттандыру шараларын жүргізеді және киберқылмыспен күресу үшін басқа құқық қорғау органдарымен және жеке сектормен бірлесіп жұмыс істейді.
Ашықхатты, музыканы, суретті немесе қандай да бір бағдарламаны жүктеуге сілтеме бар хабарлама алған кезде оны ашуға асықпаңыз. Сілтемені басу арқылы сіз өзіңіз білмей телефонға вирус кіргізіп алуға немесе ақылы қызметтерге жазылып алуы мүмкінсіз. Брокерлік компанияны таңдау кезінде ақшаңызды жоғалтпау үшін алаяқтық компанияны сипаттайтын келесі белгілерге назар аудару керек: жоғары пайыздық уәде, тіркеудің болмауы, жаңадан келген трейдерлерге тұрақты пайда туралы уәде. Өз капиталыңызды сеніп тапсырмас бұрын, интернет-ресурстарды ғана емес, брокер туралы ресми ақпаратты да мұқият зерттеңіз. Коронавирустық пандемиямен байланысты төтенше жағдайдың енгізілуіне, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің кең таралуына және интернетке деген үлкен сұранысқа байланысты адамдар тауарларды интернет-сауда арқылы сатып алуды және электронды төлем жасауды қалайды. Өкінішке орай алаяқтар соны пайдаланып, сенімділік немесе оңай пайдаға деген құштарлық секілді адами қасиеттерді қолданумен азаматтардың мүлкін қашықтан (онлайн) иемденеді. Мұндай жағдайларда «қолыңмен ақша бересің, аяғыңмен артынан жүресін» деген халық даналығы бірден еске түсетін жеткізіп кездесу барысын қорытындылады.