Жаңа қызметте – сот, прокуратура, Конституциялық кеңес басшылары

189
0

құқық қорғау лауазымына жаңадан келгендер
елде келешекте қандай өзгерістер жасайды?

 

Осы аптаның басында Парламент Сенаты депутаттарының алдында жаңа тағайындауларға байланысты сөз алған Қазақстан республикасының Президенті елдегі құқық қорғау салаларының бірінші басшыларының кадрлық өзгерісі жайында өз ұсынысын айтты. Көп уақыттан бері Қазақстандағы Конституциялық кеңестің төрағасы қызметін атқарған Игорь Рогов зейнет жасына келуіне байланысты атқарып отырған қызметінен босатылды. Елбасының тарапынан ол кісінің мемлекеттік қызметті атқару кезіндегі жақсы істеріне баға беріліп, алғыс айтылды.

fedl9178-asanov-zhakyp

Кеңестің жаңа төрағасы болып осыған дейін Қазақстан республикасы Жоғарғы Сотына басшылық жасап келген Қайрат Мәми тағайындалды. Елбасының ұсынысы бойынша ҚР Бас прокуроры болған Жақып Асанов енді бүкіл елдің сот саласына төраға ретінде басшылық жасайтын болды. Бұған дейін Қазақстан республикасы Мемлекеттік істері қызметі министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы лауазамында болған Қайрат Қожамжаров Бас прокурорлық қызметті атқаратын болып белгіленді. Ал ұлттық бюро төрағалығына Алик Шпекбаев Президент Жарлығымен тағайындалды.

daa_4625_1_1520
Еліміздегі жаңадан қабылданған заңға байланысты сот-құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың жаңа кезеңіне қадам басқан мемлекетіміз үлкен маңызды міндеттерді алға қойып отыр. Жаңадан тағайындалған сот, прокуратура және Конституциялық кеңес саласының жаңа басшыларының алдына үлкен міндеттер жүктелген. Өздеріне артылған сенім мен тағайындауға лайық қызметтік жұмыстарын уақыт талабына сай атқаруда жаңа басшыларға өздері атқаратын іс аумағы үлкен мақсатты талаптар қоятындығы сөзсіз. Сондықтан да, олар жүргізетін жұмыстың ауқымы мен жауапкершілігі жаңаша міндеттерге орайластыра атқарылуы – өмір заңдылығы.

Қ.ҚАЛИЕВ.