«ЖАСТАР — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ БАСТАУЫ»
Төлеби ауданының әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы аудандағы әр саланың көшбасшы жастарымен кездесті.
Іс-шара «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйысдастыруымен Алатау ауылдық округі, Екпінді ауылы, «Біркөлік шатқалы» сауықтыру лагерінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жастар — жарқын болашақ бастауы» атты семинар-тренингпен бастау алды. Семинар-тренингте жастардың ойларын шыңдауға арналған түрлі ойындар ойнатылып, ауданның көшбасшы жастары іс-шараға белсене ат салысып отырды. Семинар-тренингтен соң жастар аудан әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлымен кездесті. Кездесуде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Қыпшақов Қайрат Саматұлы аудандағы жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндап өтті. Аудан жастары өз ой-пікірлерін ашық жеткізіп, ұсыныстары мен сұрақтарын қойып, белсене қатысып отырды. Сөз соңында аудан әкімі «Болашақ жастардың қолында, мен жастарға сенемін»-деп, қорытындылады. Іс-шара соңында жастар аудан әкімімен естелікке суретке түсіп, ризашылықтарын білдіріп тарқасты. Іс-шараның басты мақсаты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдалану, талантты да, талапты жастарға қолдау көрсету, олардың дарындарын шыңдауға жол ашу. Жастардың қоғамдық белсенділіктерін арттыру, түрлі бағыттағы қоғамдық және саяси іс-шараларға тарту. Жастар арасында кездесетін өзекті мәселелерді талқылау және шешу жолдарын қарастыру. Аудан жастарының тыныс тіршілігімен танысу, жұмысын жандандыру болып табылады.