ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ

188
0

Арыс қаласының Ақдала ауылдық округі С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінде жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Діни сауаттылықты арттыру – бүгінгі күннің басты талабы» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде білім алудың қажеттілігі, оның ішінде конструктивті діни білімнің маңыздылығы жөнінде әңгіме болды. Білім алу, сауатты болу – Ислам дінінің ең басты талабы болып табылады.. Себебі, алғашқы аяттар оқу туралы түсіп, Алла бізге оқуды бұйырған. Сол үшін адамзат барлық білім саласын үйренуі қажет. Өкінішке орай, білімсіздік адамдарды жік-жікке бөліп, ислам әлеміне қара күйе жақтырды. Сол себепті ілімсіздіктің залалы көбейіп, әлемде түрлі қақтығыстар көбеюде. Кездесуге келген мамандар осы мәселені кеңінен тарқатып, жастардың дұрыс білім алып, алған білімін елінің көркеюіне жұмсайтындай әрекеттер жасауына бағыттады. Кездесу соңында жастар өз сұрақтарын қойып, көкейінде жүрген көзқарастары мен пікірлерін білдірді.82