АРЫСТА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

170
0

83

83б
«Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан ашылған «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұтан Әбішұлы .Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырылды.
Акцияның көздеген негізгі мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу, материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.
«Менің таңдауым — балаларға көмек көрсету!» ұранымен көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауды, әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептеген кәсіпкер ағаларымыздың демеушілігімен толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан балаға мектеп формасы, сөмке мен оқу құралдары табыс етілді. Акцияға өз үлестерін қосқан азаматтарға ата-ана шексіз ризашылығын білдірді.