«ҮЗДІК ОҚЫРМАН ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

213
0

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, ата-аналар мен балаларды қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүр туралы білімдерін жаңғырту. Тұрмыс-салт жырлары мен өлеңдері және тақпақтары діни нанымдар мен әдеп-ғұрыптарға да байланысты дамыды. Орта ғасырларда бала туғанда, тойларда, үйленгенде, адам өлгенде, наурыз мерекесін қарсы алғанда айтылған салт-дәстүрге байланысты өлеңдер мен тақпақтар біздің кезімізге дейін жетіп отыр. Қазақтарда адамның, шаңырақтың, шаруашылықтың, табиғаттың әрбір елеулі оқиғасына ырымдар жасалып өлеңдер айтылып отырған. Осыған орай, оқырмандарға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу,балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін ояту мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының бастамасымен, аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Үздік оқырман отбасы» байқауы өтті. Байқауға 4 отбасы қатысты. Бас жүлдені Темірлан ауылынан қатысқан Өмірбековтар отбасы иеленді.87