АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС

240
0

Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары және мектеп директорлары қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша, білім беру және мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі үгіт насихат құралдары мен мемлекеттік рәміздердің талапқа сай орналастыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын жаңартылуына жүргізілген талдаудың нәтижесі туралы 22.08.2018 жылы өткен аппараттық мәжілісте берген нақты тапсырмалардың орындалуы бойынша ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев және аудан әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімшесінің басшысы Е.Мұсаевтың хабарламалары тыңдалды. Берілген тапсырмалардың өз уақытысында орындалуы туралы қала, кент, ауылдық округі әкімдері мен мектеп директорларына нақты тапсырмалар берілді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, яғни Сарыағаш ауданының 2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымына дайындығы туралы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Ж.Жақыпбеков баяндады.
Аппарат мәжілісін қорытындылаған аудан әкімі көтерілген мәселелерге қатысты қала, кент, ауылдық округі әкімдері мен бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
91