ШЫМКЕНТ: ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС КҮШЕЙЕ ТҮСТІ
Шымкентте денсаулық сақтау мекемелері тұрғындардың емдеп қана қоймай, олардың ұсыныс пікірлерін тыңдауға да дайын, деп хабарлайды Uakit.kz.
Естеріңізде болса Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет» деген болатын.
Осы орайда Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы қала аумағында денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саяссатты іске асырып және денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын жандандыруға күш салуда. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтың тапсырмасына сәйкес «Медициналық ақпараттандыру орталығы» ашылды. Енді қала тұрғындары аталған орталыққа қоңрау шалып, денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныстарын, сұрақтарын, арыз-шағымдарын жеткізе алады.