ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ – АЗАМАТТЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

204
0

2018 жылдың 6 қыркүйегі күні орталық кітапхананың оқу залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Адал жол» жобасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу жөнінде іс-шаралар жоспарына сәйкес қалалық орталық кітапханада «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты дөңгелек үстел өтті. Іс – шараға «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асылбеков Сағынбек Жақсыбекұлы, Қала мектептерінің тарих және құқық пәндерінің мұғалімдері, ұстаздардың ұстазы — Өмірбек Жүсіпов, зейнеткер – ұстаз Жұпаркүл Бекшораева, Кентау колледжінің қазақстан тарихы және саясаттану пәні оқытушысы Абдуллаев Мәлик Мұратбекұлы және кітапхана оқырмандары қатысты. Іс – шарада талқыланған сұрақтар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — бәріміздің міндетіміз!, Жемқорлық — ғаламдық кесел, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы және т.т. Дөңгелек үстелге қатысушылар өз ойларын ортаға салып, берілген сұрақтар қызу талқыланды. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, үлкен кесел келтіріп отырған бұл келеңсіз құбылысты жою үшін қандай амалдар қажеттігі жайлы ұсыныстар да айтылды. Іс-шараны «Икар» телеарнасы түсіріп, келген қонақтардан сұхбат алып, іс-шара қала тұрғындарына жарнамаланды117