ҮЙДІ ЖАЛҒА АЛМАС БҰРЫН ҚАУІПСІЗДІККЕ ДЕН ҚОЙЫҢЫЗ
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы баспананы жалдап тұрмас бұрын азаматтар үй иесінен тоқ сымдарының осал жерлерін бірден жөндеп беруін талап етуін ескертеді,-деп хабарлайды uakit.kz.
Өз кезегінде Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы инженерлері мұндай әрекет үй ішінде электр желілерінің қысқа тұйықталуының болуын алдын алатынын алға тартады.
Сонымен қатар сала мамандары тек баспананы жалға алушылар ғана емес, барлық азаматтар тілсіз жаудың құрбаны болмас үшін үйдегі электр жабдықтары мен желілерінің жағдайын жүйелі түрде тексеруге кеңес береді. Және мұндай жұмыстарды өз бетінше емес, арнайы маманға сеніп тапсыруды ескертеді. Өйткені, тәжірибелі маман ғана электр желілеріндегі ақауларды дөп тауып, санаулы уақытта оларды реттей алады.
Бұдан бөлек Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы оқыс оқиғалар кезінде артық дүрбелеңге түспес үшін қала тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтердің, атап айтқанда, су, жарық, газ қызметтері диспетчерінің байланыс нөмірлерін жазып қою артық етпейтінін атап өтеді. Және қандай тығырықты жағдай болмасын 112 шұғыл көмек нөмірін теріп, көмек сұрауын ескертеді.