ЕТТІ ЭКСПОРТТАУДАН БІЗ БІРІНШІМІЗ

198
0

Түркістан облысы экономикасының драйвері болып табылатын ауыл шаруашылығында өткен жылы жалпы өнім көлемі 544,3 млрд. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 5,3 пайызға артқан. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдейді.

Атап айтқанда, өткен жылы облыста өндірілген 9600 тонна ет Өзбекстан, Ресей, Иран, БАӘ елдеріне экспортталып, республикадағы үлесі 54 пайызға жетіп, 1-орынды иеленген.
Сонымен қатар, егін шаруашылығында өткен жылы 286,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға өскен. 2018 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 807,4 мың гектарға орналастырылып, 2017 жылмен салыстырғанда 9 мың гектарға көбейген. Нәтижесінде, 2018 жылы ауа райының қуаңшылық болғанына қарамастан, дихандардың ала жаздай еткен еңбектері ақталып, масақты дәнді дақылдардың әр гектарынан 17,8 центнерден 405 мың тонна өнім түсірген. Мақта дақылының гектар түсімділігі 25,7 центнерді құрап, барлығы 340,7 мың тонна өнім жиналған. Көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан 2,9 млн. тонна өнім алынып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілген.
Сондай-ақ, былтыр қарқынды баулардың көлемі 2800 гектарға жеткізіліп, республикадағы жеміс-жидектің 40 пайызы, жүзімнің 73 пайызы Түркістан облысында жиналған.
uakit.kz