ҚОНАҚ ҮЙЛЕР ҚАУІПСІЗ БЕ?

Төтеншеліктер қонақ үйлердi, мотельдердi, кемпингтердi (глэмпингтерді), хостелдерді ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбiн ескертеді.

Қонақ үйлерде, мотельдерде, кемпингтерде (глэмпингтерде), хостелдерде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жаднамалар ілінеді. Шетел азаматтары тұрған кезде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жаднамалар халықаралық қатынас тілдерінде орындалады.

Есіктің ішкі жағында қонақ үйлердің, мотельдердің, кемпингтердің (глэмпингтердің) және хостелдердің нөмірлерінде нөмірі немесе бөлмесі, эвакуациялық шығу жолдары мен оларға қарай жүру жолдары, өрт сөндіру құралдары мен сигнализация орналасқан орындар көрсетіле отырып, өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуациялаудың жеке жоспарлары ілінеді.

Қонақ үйлердің, мотельдердің, кемпингтердің (глемпингтердің), хостелдердің үй-жайларында тұрғын қабаттарда қойма, кеңсе үй-жайларын орналастыруға жол берілмейді.