ТӨЛЕБИДЕ 7 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ЕМХАНА АШЫЛДЫ

369
0

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Бірінші ауылдық округінде ауылдық емхана пайдалануға берілді. Нысанның ашылуына орай ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты, деп хабарлайды uakit.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Бірінші Мамыр, Тағайна, Ынтымақ, Алғабас, Жаңажол, Бейнеткеш, Зағамбар елді мекендеріндегі 19 799 адамға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін бұл емхана бір ауысымда 100 адамға қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар онда жедел медициналық жәрдем көрсету бөлімінің жұмыс істеуі де жолға қойылған.
Өз кезегінде аймақ басшысы ғимараттың ішін аралап көріп, медициналық нысан ұжымын халық денінің саулығы үшін аянбай қызмет етуге шақырды.
Жалпы, Төлеби ауданында 54 денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істейді.

uakit.kz