ӨНІМДЕРДІ ЭКСПОРТТАУ ҚОЛҒА АЛЫНУ ҚАЖЕТ

217
0

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазығұрт ауданындағы  «Аманкелді» ЖШС-нің жұмысымен танысты, деп хабарлайды uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аманкелді» ЖШС-нің жер көлемі – 2322 гектар. Өндіретін өнім түрлері – I, II және III репродукциялы бидай тұқымы мен жеміс-жидек өнімдері. Онда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Тамшылатып суару әдісімен 405 гектар алқапқа жеміс-жидек егілген. Атап айтқанда, 150 гектарға – алма, 88 гектар жерге – шабдалы, 31 га – шие, 94 га – алхоры, 25 га – өрік, 17 га – алмұрт, 120 га – тайфи сортындағы жүзім.

Қожалық жұмысымен танысқан аймақ басшысы өнімдерді экспорттауды қолға алу қажеттігін айтты.

uakit.kz