ШЫМКЕНТТЕ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

247
0

Шымкент қаласының әкімдігі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының бірінші кезеңіне қатысу үшін өтінімдерді аудан әкімдіктерінде кабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурстың мақсаты  отбасылық өнегелік құндылықтарды,  дәстүрлерді жаңғыртуға және оның қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталып отыр.

Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар жанұяның барлық мүшелері жіберіледі.

Конкурстың шарттары туралы толық ақпаратты Шымкент қаласы әкімдігінің www.shymkent.gov.kz сайтынан және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресуртарынан танысуға болады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2019 жылғы 13 мамырға дейін Шымкент қаласының аудан әкімдіктерінде қабылданады.

Байланыс телефондары: Абай ауданы — 77-09-13, Әл-Фараби ауданы — 54-07-92, Еңбекші ауданы — 53-27-41, Қаратау ауданы — 77-45-96.

 uakit.kz