ЖАҢА МЕКЕНЖАЙДА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

194
0

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық арасында электрондық портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді өздігімен пайдалана білуге үйрету және кеңінен насихаттауды бағыт еткен  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық  филиалының  көші-қон ХҚО бұдан былай азаматтарды Ғ.Орманов көшесі, 26-ғимаратта қабылдайды.

Ал С.Бәйтереков көшесі, 89-ғимаратта болып келген Әл-Фараби ауданының №7 фронт-офисі Мәдәлі қожа көшесі, 1/16 мекенжайына көшті. Мұнда мемлекеттік қызметтерді сапалы қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалған. Қолайлы автотұрақ та бар. Екі фронт-офис те дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін  түскі үзіліссіз жұмыс істейді.

Айта кету керек, қазіргі таңда Шымкент қаласында 10 фронт-офис халыққа қызмет етеді. Олардың ішінде мамандандырылған және көші қон ХҚО бар.