ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕКІ АЙДА 30 ЕЛДІ МЕКЕН ГАЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

192
0

Түркістан облысында ағымдағы жылдың тек мамыр-маусым айында 30 елді мекен газ жүйесіне қосылды. Онда 34 847 тұрғын мекен етеді, деп хабарлайды uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты барлық аудан әкімдері тұрғындармен әр үйді газ жүйесіне қосу бойынша ұйымдастыру-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қала, аудан әкімдері және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ӨФ бірлесіп, Түркістан облысындағы газ жеткізуші және газ таратушы жүйелерінің құрылысы жүргізілген елді мекендерді бюджет қаржысы есебінен газға қосу жұмыстарын атқаруда.
Басқарма өкілдері әр елді мекендегі тұтынушының газға қосылуына апта сайын мониторинг жүргізіліп келетінін мәлімдеді. Сонымен қатар олар, алдағы уақытта да қалған елді мекендерді газға қосу Түркістан облысының кешенді даму іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілетінін айтты.
uakit.kz