«АДАЛ АЗАМАТ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА СЫНЫП САҒАТЫ ӨТТІ

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы — жас ұрпақтың ұлттық санасын, отансүйгіштік сезімін, ел тарихы мен мемлекеттік рәміздерге құрметін қалыптастыруды басты мақсат ететін кешенді бағдарлама. Осы бағыттағы жұмыстардың бір бөлігі ретінде мектептерде оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, елдің экономикалық тәуелсіздігі туралы түсінігін тереңдететін мазмұнды тәрбие сағаттары өткізіліп келеді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №78 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025-2026 оқу жылының тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 10 қарашасында 15 қараша – Ұлттық валюта күніне арналған «Теңге — тәуелсіздіктің тірегі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды. Бұл шара оқушыларға Қазақстанның қаржылық тәуелсіздігі мен ұлттық экономиканың қалыптасу тарихын таныстыруды көздеді. Тәрбие сағаты барысында оқушылар теңгенің енгізілуінің ел тәуелсіздігі жолындағы маңызды тарихи кезең болғанын білді. Ұлттық валюта – тек қаржы құралы ғана емес, мемлекеттің дербестігін айқындайтын басты белгілердің бірі екенін түсінді. Қазақстан теңгесінің алғаш айналымға енген сәті, алғашқы банкноттардағы ұлттық бейнелер, теңге дизайнының өзгеру тарихы және қазіргі экономикалық өмірдегі рөлі жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынылды. Сынып сағаттарында оқушылар теңгенің экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызы, оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны туралы ой қозғады. Әсіресе мемлекеттік валютаға құрметпен қарау, қаржылық сауаттылық негіздерін меңгеру, ақшаны тиімді басқару мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Бұл тақырыптар «Адал азамат» бағдарламасындағы қаржылық жауапкершілік пен рационалды шешім қабылдау дағдыларын дамыту бағытымен үйлеседі. Сонымен қатар оқушылар ұлттық валютаға байланысты бейнематериалдар көріп, тарихи деректермен танысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Мұғалімдер теңгенің тұрақтылығы елдің саяси-экономикалық дамуы, халықтың бірлігі мен ынтымағымен тығыз байланысты екенін түсіндірді. Оқушылар үшін бұл – ел экономикасына деген құрметті арттырып, азаматтық жауапкершіліктің маңызын сезіндіретін сабақ болды.
«Теңге — Тәуелсіздіктің тірегі» атты бірыңғай тәрбие сағаттары жас ұрпақтың ел тарихына қызығушылығын күшейтіп қана қоймай, олардың ұлттық құндылықтарды бағалауына, экономикалық мәдениетін дамытуына ықпал етті. Осындай іс-шаралар «Адал азамат» бағдарламасының негізгі мақсаты – саналы, жауапты, отаншыл тұлға тәрбиелеуді жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.

