ШЫМКЕНТ ТАҒЫ БІР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

175
0

Шымкенттегі Маятас елдімекенінде Бадам суқоймасы маңынан «Hawaii Shymkent» демалыс аймағы ашылды. Халықаралқ талаптарға сай ашылған демалыс орнында келушілер үшін барлық жағдай жасалған.
Жобаның құрылтайшысы — белгілі меценат Төкен Танаұлы. Халық игілігі үшін ашылған нысанда бір мезетте 1500-2000 адамның демалуына мүмкіндік жасалған. Демалыс аймағының аумағы — 5,7 гектарды құрайды. Жобаның жалпы құны — 1 млрд 250 млн. теңге деп бағаланып отыр.
«Hawaii Shymkent» демалыс аймағы жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді.

uakit.kz

(сурет авторы: С. Қосаев)