НАУБАЙХАНАЛАРДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қаладағы наубайханаларда өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде,-деп хабарлайды uakit.kz.
Қаптарды ұннан тазарту және оларды сақтау үшiн қапты қағатын машина орнатылған оқшауланған үй-жайлары көзделеді.
Нан пiсiру кәсiпорындарында сұйық май мен өсiмдiк майын ыдыссыз сақтау жеке үй-жайда көзделеді.
Отын жағатын бөлімде бiр ауысымға арналған қатты отын қорының болуына жол берiледi.
Нан пiсiру пештерi сұйық отында жұмыс iстегенде сұйық отынның шығыс бактарын орнату үшін ғимараттан тыс жерде өртенбейтiн құрылыстан жасалған, оқшауланған үй-жай көзделеді.
Элеваторлардағы, ұн тартатын, құрама жем және жарма зауыттарында бiр мезгiлде болуы 15 адамнан аспайтын өндiрiстiк үй-жайлардың есiктерiн ішке қарай (эвакуациялау орнына қарсы) ашылатындай етiп жасайды. Сонымен қатар тамбур-шлюздердiң есiктерi әр жаққа ашылады (өндiрiстiк үй-жайларынан тамбур-шлюздерiне қарай эвакуациялау жолына қарсы, тамбур-шлюзден саты алаңына қарай есiктер – эвакуациялау жолы бойымен).
Таспа конвейерлерiн өткiзуге арналған өртке қарсы қабырғалардағы ойықтар автоматты өрт сөндiру клапандарымен немесе өрт шыққан жағдайда, оларды жабуға арналған құрылғылармен жабдықталады.
Құрама жем зауыттарында ұн шикiзатын және кебектердi түсiру орындары аспирациямен жабдықталады.
Барлық қоймалар бiр-бiрiнен 100 метрден аспайтын қашықтықта орналасқан сырттан сүйеп қоятын сатылармен жабдықталады.
Жұмыс басталардан бұрын дән тазартқыш және дән бастыратын машиналар үй-жайға шаңның кiруiн болдырмайтын аспирациялық каналдарда ауа режимiне реттеп қойылады. Машиналардың үстiндегi жарылысты бәсеңдеткiштер жұмысқа жарамды күйде ұсталады.
Ұн тарту зауыттарындағы өнімділігі жоғары жинақтама жабдықтардың пневмокөлiк жүйелерiнде сүзгiштер орнатылғанға дейiн ұшқын қауiпсiз желдеткiштерді орнатады.
Машиналардың мынадай жағдайларда пайдаланылуына жол берілмейді:
— тұтанудың немесе күюдiң аздаған белгiлерi болған бойда;
— жабдыққа тән емес шу мен дiрiл пайда болғанда;
— машинаға өнiм үйiп тасталған, тiреп қойылған және асыра жүктелген кезде;
— машинаның тiреуiш конструкциясы, шкивi, тiстi доңғалағы және басқа да жұмыс органы бұзылғанда;
— жұмыс органдарына бөгде заттар түскенде .
Нан пiсiру қалыптары мен табақтарын тазалауға арналған машина бөлшектер мен тозаңды жинауға арналған құрылғысыз, сонымен қатар майдың шашырауын болдырмайтын құрылғысыз пайдалануға болмайды.
Өндiрiстiк пештерде қалыптарды күйдіруге (қыздыруға) болмайды. Металл қалыптар мен табақтарды тек осы үшін арнайы арналған пештерде ғана қыздыруға (күйдіруге) жол берiледi.