ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАЛЫҢ ТҰМАННАН ҚОРҒАНУҒА ШАҚЫРАДЫ
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қалың тұман кезінде сақтық шаралырын сақтауға шақырады,-деп хабарлайды uakit.kz.
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы автокөлік жүргізушілері тұман жағдайында жолда абай болып, жол жүру жылдамдығын төмендетіп, сақтық шараларын ұстануды ескертеді. Егер мүмкін болса, жоспарланған сапарды кейінге қалдырып, ауа-райының жақсаруын күтуге шақырады. Сондай-ақ, туристер мен демалушылардан таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауын сұранады.
Егер көмек қажет болған жағдайда 112 шұғыл нөмірін теріп, құтқарушылардан көмек сұрауын айтады.
Сонымен қатар секундына 20 немесе 25 метрге жететін жел болған кезде сақтық шараларын сақтауды, атап айтқанда тұрғындар өз автокөліктерін ағаштардың астына, электр желілерінің және басқа да ілініп тұрған құрылымдардың астына қалдырмауын сұрайды. Сонымен қатар желдің күшеюі кезінде ғимараттардан шығуды шектеуді (мүмкіндігінше үй-жайда болу), егер үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабуды, ауладан, ашық балкондардан және лоджиялардан үйіңізге зиян келтіруі мүмкін тұрмыстық заттарды алып тастауды ұсынады.
Одан өзге төтеншеліктер екпіні қатты жел кезінде көшеде жүргенде жақын кіреберісте немесе дүкенде жасырынуға тырысуды, билбордтардың, ағаштардың астында, құрылыста аяқталмаған ғимараттарда, сондай-ақ үйлердің қабырғаларының жанында жасырынуға болмайтынын, өйткені шатырлардан шифер мен басқа шатыр материалдарының құлауы мүмкін екенін еске салады.