ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ «ЛӘЙЛІ МЕН МӘЖНҮНДІ» КӨРУГЕ ШАҚЫРАДЫ
Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек.Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын» деген-тін.
Осы бағытта Шымкент аумағында орналасқан бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры Шымкент қалалық қуыршақ және жасспірімдер театры мәртебесін алған болатын. Мұның өзі дарыны мықты, өнерлі жастардың талант кемесінің қайырламай, дарынының әрі қарай дами түсуіне мүмкіндік берген игі бастама еді.
Жақын күндері аталған театр ұжымы өз тарихында алғаш рет ересектерге арналған шығыстың шайыры Низамидің «Ләйлі мен Мәжнүн» қойылымын сахналайтын болады.
Премьера ағымдағы жылдың 18,19,20-маусымда көрермен назарына сағат күндізге 11:00-де және кешкі 18:00-де ұсынылатын болады.
uakit.kz