WHATSAPP МЕССЕНДЖЕРІ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАМАЛАРМЕН КҮРЕСУДІ ҚАЛАЙ БАСТАДЫ?

152
0

Осы аптаның басынан бастап WhatsApp мессенджері алдымен Android, содан кейін iOS қолданушылары үшін мазмұны бірдей хабарламаны бес реттен көп жіберуге тыйым салуды бастайды,-деп хабарлайды uakit.kz Sputnikке сілтеме жасап.

Бұған дейін мессенджерде бірдей хабарламаны 20 адамға немесе топқа жіберуге болатын еді. Енді бұған шектеу қойылады. Мұндай жаңашылдыққа жалған хабарламалардың көбеюі себеп болған. Бұл жайында WhatsApp-тың саясат және байланыс жөніндегі вице-президенті Виктория Гранд «Қазіргі таңда біз бүкіл әлемде бес хабарламадан артық таратуға шектеу енгізіп жатырмыз», — деді.

Бұл жаңалық Индонезия астанасында өткен іс-шарада жарияланды.
uakit.kz