Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Шымкент қаласының әкімі: «ШЫМКЕНТТІҢ БАСТЫ КАПИТАЛЫ – БҰЛ ОНЫҢ ЕҢБЕКҚОР XАЛҚЫ»

197
0

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Премьер-Министр Асқар Маминнің басшылығымен өткен Үкімет отырысында Шымкент қаласын дамыту мен салудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары таныстырылды. Соған сәйкес  Шымкентті 10 бағыт бойынша дамытатын 89 жоба толық қолдау тапты. Жобалардың жалпы құны 1 трлн. 284 млрд теңгені құрайды.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің инстаграм аккаунтында жазған.

Үкімет отырысында Ғ. Әбдірахымов бұл бағытта бюджетке жүктемені азайту үшін, 836 млрд. теңге немесе жоспарланған соманың 65% жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырылатынын, нәтижесінде  ішкі өңірлік өнім 175%-ға өсіп, 3,5 трлн. теңгеге жететінін, 60 мыңнан астам жұмыс орны ашылатынын, орталықтандырылған сумен қамту 93%-дан 98%-ға, газбен камту 98%-ға дейін артатынын мәлімдеген.  

Үшінші мегаполис әкімі бұл жазбасын  «Шымкенттің басты капиталы — бұл оның еңбекқор xалқы. Сондықтан, бәріміз жұмылып қаламызды одан да көрікті ететінімізге кәміл сенемін!» деп түйіндеген.

uakit.kz