ҚАРЫЗ АЛЫП ҚАЖЫЛЫҚ ЖАСАУДЫҢ САУАБЫ ЖОҚ

276
0

Биыл 3200 қазақстандық қажылыққа аттанады. Мұсылманға міндет  етілген бес парыздың бірі қажылық жасау үшін кейбір азаматтар жақын-жуығынан жәрдем сұрап, қарызға батады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Өтпенов  осындай амалмен парызды өтеудің сауабы болмайтынын мәлімдеді. Өз кезегінде ол:

 – Кез келген мұсылман қажылыққа барғысы келеді. Оны армандайды. Қажылық кімге парыз екенін алдын ала біліп алғанымыз жөн. Алла Тағала қасиетті Құранда «кімнің жағдайы келсе, сол адам өмірінде бір рет қажылық жасасын» деген. Яғни, жағдайы бар мұсылман өмірінде бір рет қажылыққа баруы парыз. Әрине, одан кейін де баруға болады. Кейбір кездері адамдар қажылыққа бару үшін бір-бірінен қарыз немесе көмек сұрайды. Шариғат мұны қолдамайды. Қажылық – құлшылық. Ол демалатын орын емес. Сондай-ақ, қажылыққа бару, бұл бір дәрежеге көтерілетін мансап емес. Мұны білген жөн», — деді. Сонымен қатар ол, қажылыққа баруға ниет етететіндердің көпшілігі Түркістан облысының азаматтары екенін айта кетті.

Биыл қажылық маусымы 30-шілдеде басталады.

uakit.kz