КОРОНАВИРУС: АЛМАТЫҒА ҚЫТАЙДАН 211 ЖОЛАУШЫСЫ БАР РЕЙС КЕЛДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды коронавирусты жұқтырудан қорғау жөнінде іс-шаралар қабылдау туралы тапсырмасына сәйкес, ҚР Үкіметі ҚХР аумағындағы және отанына оралуға тілек білдірген қазақстандықтарды эвакуациялаудың кезекті шарасы аясында бүгін Алматы халықаралық әуежайына Қытайдан 211 жолаушысы бар рейс келді, деп хабарлайды uakit.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қытайдан келген ұшақтағы жолаушылардың 171-і Қазақстан, 40 адам Қырғызстан азаматтары. Бұл ҚХР-да коронавирусты инфекцияның шығуына байланысты ҚР азаматтарын Қазақстанға жеткізген соңғы рейс. Мамандардың айтуынша, келгендердің жағдайы қанағаттанарлық.
uakit.kz
Сурет: ашық дереккөз