КОРОНАВИРУС: ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ САНЫ 1100-ДЕН АСТЫ

170
0

ДДСҰ-ның басшысы «вирустар адамдарды қыру жағынан кез келген содырдан асып түседі» деді.

Коронавирус ауруынан қазақ тапқандар саны күн санап артып барады. Қытайдың гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі комитеті  12-ақпандағы жағдай бойынша ауруды жұқтырғандар саны 44600-ден асқанын хабарлаған. Аурудан көз жұмғандар 1113-тен асқан. Сауыққандар саны 4740-ты құраған.

Ауру жұқтырғандардың 33,3 мыңы Хубэй провинциясынан болып табылады. Сонымен қатар қаза тапқандардың  97 пайызы да осы провинцияда тіркелген.

Кеше Женевада коронавирусқа қарсы күрес бойынша өткен конференцияда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус вирустар «адамдарды қыру жағынан кез келген содырдан асып түседі» деп,  әлем елдерін «ірі қауіпке» төтеп беруге шақырды.

uakit.kz

Сурет: ашық дереккөз