ИТІҢІЗГЕ ИЕ БОЛЫҢЫЗ

204
0

Жеке қожалығыңыздағы итті бос жіберіп, қараусыз қалдыру Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Құтыру ауруы-жүйке жүйесін қатты зақымдайтын вирустық ауру. Бұл дерттің адамдарға құтырған жан-жануарлар тісін батырғанда, терісінің зақымданған жеріне олардың сілекейі жұққанда пайда болуы мүмкін. Осыған орай Шымкент қаласының  «Ветеринариялық  қызмет» МКК қала тұрғындарының назарына құтыру ауруына қарсы сақтық шараларын жасауға шақырады.

Құтыру ауруының емі жоқ, алайда алдын алуға болады. Құтырудың алдын алу мақсатында жануар тістегеннен, тырнағанынан және сілекейінен залал тартқан адамдардың барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрғылықты жері бойынша травматологиялық пункттерге алғашқы медициналық көмекке қаралуы керек.

Иесі белгілі иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз оны өлтіруге асықпай ветеринар маманына көрсетіңіз, ветеринар маманы 10 күндік бақылауда ұстайды, осы аралықта 3 рет егу тағайындалады. Ал, егерде жарақаттаған ит, мысық белгісіз болса немесе өліп қалған жағдайда 6 рет егу тағайындалады.

Сондықтан мінезінде өзгерістер байқалған жануарлардан балаларды аулақ, оқшаулап ұстап, шұғыл ветеринар маманын шақыру керек. Үй аумағында ит, мысық асырайтын болсаңыз, ветеринарға  көрсетіп, кеңес алып, құтыру ауруына қарсы вакцинаны ектіру қажет.

Сонымен қатар, жеке қожалығыңыздағы итті бос жіберіп қараусыз қалдыру Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408 бабына сәйкес, айыппұл салуға әкеліп соғатындығын қаперлеріңізде ұстаңыздар.

Қосымша  ақпараттарды  Шымкент қаласының  «Ветеринариялық  қызмет» МКК-нан ала аласыздар. Байланыс нөмірі: 45-05-22, 45-05-05.

uakit.kz

Сурет: ашық дереккөз