ШЫМКЕНТ: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ ДАЙЫН

221
0

Алдағы дүйсенбіде 2019-2020 оқу жылының IV-тоқсаны басталады. Еліміздегі төтенше жағдай режиміне байланысты бұл тоқсанда оқушылар интернет платформалар, республикалық және жергілікті арналар көмегімен білім алады. Шымкент қаласы бойынша бұл жүйеде білім алатын оқушылардың саны 222 мыңды құрайды.  

Бұл туралы Шымкенттегі ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде қала әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, қаладағы мемлекеттік 147 және жекеменшік 25 орта білім беру ұйымы қашықтықтан оқыту жүйесіне дайын.
Брифингте қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева онлайн білім беру жүйесіне қатысты мәселелер толық шешімін табатынын айтты. Өз сөзінде ол:
– Қолжетімді платформаларда онлайн сабақтар өткізу 214 613 (96,7%) оқушыны құрайды. Электронды журнал Kundelik және WhatsApp мессенджері арқылы кері байланыс орнатылады. «Балапан» және «Еларна» телеарналары арқылы  7 424 (3,3%) оқушы қамтылады. Бұдан бөлек жергілікті арналар онлайн дәрістерді қайталап береді. Сонымен қатар, жергілікті телеарналар арқылы бейне сабақтарды қайталап көрсету жұмыстары ұйымдастырылады, — деді Жанат Арысбекқызы.
uakit.kz