ӘЙТЕНОВТЫҢ «ТҰРАНДАҒЫ» ҚҰРЫЛЫСҚА КӨҢІЛІ ТОЛМАЙ ТҰР
Жыл соңына дейін Шымкенттегі «Тұран» шағын ауданында 88 үйдің құрылысы басталады.
Қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов қала әкімі Мұрат Әйтеновке осы бағытта атқарылып жатқан жүмыс барысын баяндаған.
Оның сөзінше бүгінде Шымкент қаласының «Тұран» шағын ауданында 42 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған. Тағы 26 тұрғын үйдің жобасы әзірлену үстінде. Оның үшінде 16 қабатты 4 үй, 8 қабатты 12 үй, 9 қабатты 15 үй бар. Олардың жобасы мамыр айында сараптамадан шығады деп күтілуде. Мұнан өзге 20 көпқабатты үйдің жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге байқау жарияланып, мердігер мекеме анықталған. «Қазірде Тұранда «Отау строй», «АРТ құрылыс», «АҚ ордасы» және т.б 7 мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде нысандардың іргетас шұңқыры қазылып, бетондау жұмыстары жүріп жатыр.
Іргетасы қаланып жатқан әрбір үйдің құрылысын аралап көрген Мұрат Дүйсенбекұлы жұмыс қарқынына көңілі толмайтынын ашып айтты. Құрылысшылар санын көбейтіп, жұмыс қарқынын күшейтуді талап етті. Салаға жауапты басшыларға бақылауды күшейтуді тапсырып, аптасын екі рет есеп алатынын ескертті.
Айтпақшы «Тұрандағы» тұрғын үйлердің құрылысын жүргізетін мердігер компаниялардың бірі «АҚ ордасы» 2016 жылы Шымкенттегі «Асар» шағын ауданында 5 қабатты үйлер салған. Сол үйлердің салынғанына 5 жылдың жүзі болмаса да, бүгінде олардың көпшілігінің сыртқы қасбеті бұзылып, көркі қашқан. Нысанның кепілдік мерзімі өтіп кеткен Бірақ жергілікті биліктің араласуымен сол үйлердің ірге тасын қалаған «АҚ ордасы» компаниясы өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын бастап кеткен.
uakit.kz