ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ ЖҰМЫСТА ҰҚЫПТЫЛЫҚ ҚАЖЕТ

413
0

Шымкентте ағымдағы жылдың 26-сәуір мен 10-мамыр аралығында зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Бұл туралы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мәлімдейді.Аталған жұмыстар көпқабатты тұрғын үйлердің қоқыс контейнерлеріне, өзен-каналдар аумағына жергілікті бюджет есебінен тегін жүргізілетін болады. Ал, жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың иелері зиянкестерге қарсы күрес шараларын өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.
Басқарма мамандары көпқабатты және жеке үйлердің тұрғындары кеміргіштерге қарсы қойылған арнайы қармақжемдерді балалардың қолына түспеуін және үй жануарларының жеп қоюын алдын алуды сұрайды.