ШЫМКЕНТТЕГІ 81 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ 19-Ы КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛҒАН
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде қаланың инжинерлік-инфрақұрылыммен қамтылуы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Бүгінде қаладағы 81 елді мекеннің 19-ы кәріз жүйесімен қамтылған. Қалған аймақтарды қамту жұмысы кезең-кезіңмен атқарылуда. Биыл қаладағы 9 нысанда құрылыс жұмысы басталған. Соның ішінде 3 магистралдық коллекторының 6 ішкі орамдық жүйесі бар.
Өткен жылы қалада «Тұран» сорғы станциясы және Самал-1 мен Наурыз шағын ауданыдарының ішкі жүйелірінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 52,3%-дан 54%-ға өсті.
Биыл Арғынбеков көшесі мен Тұран ішкі магистралды коллектордың құрылысы жүргізілсе, Достық су сорғы станциясы қайта құрудан өтеді деп жоспарлануда. Нәтижесінде, Самал-3, Ұлағат, Мирас, Солтүстік-шығыс, Шапағат-2 шағын аудандары мен Хлопзавод көшесіндегі 48 мыңнан астам адам кәріз жүйесіне қосылады. Жыл соңына дейін қамтылу көрсеткіші 60%-ға өседі.
Әл-Фараби ауданындағы Ақжайық пен Айқап шағынауданы, Шолохов және Жандосов көшелеріне кәріз жүйесін тарту мақсатында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірлеуде.
Қаланың 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу көзделіп отыр.