ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ АРТЫП КЕЛЕДІ

89
0

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің әр тоқсан сайынғы жоспарлы кезекті есепті кездесуін ұдайы өткізіп келеді.  Міне осындай қала басшысы Мұрат Әйтеновтің халықпен есепті кездесу барысында Қаратау ауданың әкімі Рахымберді Мулкеманов ауданда соңғы 9 айда атқарған жұмыстары бойынша тұрғындар алдында өз есебін берген болатын. Жиында табиғи газбен қамту мәселелері сөз болған еді.

Шымкент қаласында көгілдір отынының тапшылығы мәселесін шешу мақсатында тұрғындарды табиғи газбен қамту үшін 2023-2025 жылдары аралығында қаланың даму жоспары жасалған болатын. Осы мақсатта аудан әкімі Рахымберді Мулкеманов ауданды көгілдір отынымен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде  тоқталды. Естеріңізде болса, былтыр, яғни 2021 жылы «Азат», «Асар-2», «Достық» елдімекендерінде, жалпы 4 жобаның құрылысы аяқталған болатын. Биылғы жылы тізім тағы «Тұран», «Нұртас», «Тассай», «Қайнарбұлақ тұрғын алабы», «Қайнарбұлақ саяжайы» елдімекендерімен толығып, бірқатар жобалардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Рахымберді Мулкеманов 2025 жылға қарай аудан көлеміндегі табиғи газбен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткіземіз деді. Айта кетейік, қазіргі уақытта Шымкенттегі 81 елді мекеннің 42-сі табиғи газбен толық, 31-і жартылай, 8 елді мекені көгілдір отынымен қамтылмаған. Тұрғындарды табиғи отынмен қамтамысыз ету мақсатында жоғарыда көрсетілген көрсеткішті арттыру үшін 2022 жылы барлығы 15 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізілуде. Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелеріне қосылуға мүмкіндік алады. Жыл қорытындысымен, Шымкент қаласы тұрғындарының табиғи газбен қамтылу көрсеткіші  93%—дан —  94,7%-ға жететін болады. Естеріңізде болса, Шымкентте АГРС-3 автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылған болатын. Енді қаланың барлық аумағын көгілдір отынмен қамту мүмкіндігі бар. Елдегі ең ірі газ тарату станциясының құрылысы 59 шақырым газ құбыры тартылған. Халықты табиғи газбен толық қамтамасыз ету мақсатында салынған газ тарату станциясының құрылысы 2019 жылы басталған еді.