11500 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

145
0

Қасиетті Рамазан айының он бірінші күні Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтыцң атынан шаһар бас имам орынбасыр Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаевтар қатысып, қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндігінің қорытынды шарасын өткізіп, жергілікті «Айғақ», «Оңтүстік», «Отырар», «Нар тв» телеарналары мен «Оңтүстік» радиосы және «Шымкент келбеті» газетінің тілшілері, блогерлеріне сұхбат берді.

Бүгінгі күні 750 отбасыға (күріш, қант, өсімдік май, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б) салынған қорап таратылды.

Жалпы, қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндігінде көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 11500 отбасыға қайырымдылық көмектер үлестірілді.