ТҮРКІСТАНДА КӨПЖЫЛДЫҚ ГҮЛДЕР ЕГУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

127
0
Жоспар бойынша 2022 жылы Түркістан қаласы аумағында 250 мың ағаш көшеті мен 128 га көгал егіледі. 15 сектор бойынша 135 көшеде 564 503 шаршы метр аумақта 228 448 дана көшет егіліп, 50 га көгал отырғызу жоспарланды.
Түркістан қаласы аумағында көктемгі мезгілде егілетін сәндік гүлдер көлеміне тоқталсақ,
қала аумағында гүлдерге арналған аумақтарда жалпы 200 мың түп гүл егіледі. Оның 110 мыңы — көпжылдық және 90 мыңы — бір жылдық гүлдер. Қала аумағындағы нысандар мен жасыл екпелерді күтуге 20 түрлі жаңа 200 техника алынды. Сонымен бірге жасыл екпелерге үшін жалпы көлемі 25 тонна түрлі тыңайтқыш пен препарат алынды. Көгалдандыру жұмысы жалғасып жатыр.