АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРҒА “АЛТЫН АЛҚА” ЖӘНЕ “КҮМІС АЛҚА” ТАБЫСТАЛДЫ.

74
0
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №64 Жарлығымен наградталған Еңбекші ауданының 4 анаға «Алтын алқа», 33 анаға «Күміс алқа» алқалары табысталды.
Жалпы ауданымызда 8 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның ішінде «Алтын алқа» — 590, «Күміс алқа» — 1786.
Ақпарат үшін:
Егерде Сіздің мекен-жай тіркеліміңіз (прописка) Еңбекші ауданында болса, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларының құжаттарын Л.Толстой көшесі, №119 үйде орналасқан аудан әкімі аппаратына келіп тапсырсаңыз болады.