КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

152
0

Қала әкімі М.Әйтенов Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуде қаланы жарықтандыру бойынша жүзеге асатын жұмыс жоспарларын баяндады. Шымкентте 2021 жылы көшелерді жарықтандыру көрсеткіші 43,4 пайызды құрады. Биыл да бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылады. 2022 жылы қала көшелерін жарықтандыру көрсеткішін 57 пайызға жеткізу межеленіп отыр.

Әл-Фараби ауданындағы III, IV, V сектор бойынша өткен жылы 8 көше жарықтандырылған. Биыл бұл аумақта 8 көше жарықтандырылады. Атап айтқанда, «Қарасу» шағынауданының ішкі орамдық жолдары, Ж.Шәмерденов көшесінің жалғасы, Ж.Тыныбаев, А.Әбдіразақов, Бекетті, Ақбастау, Камал және Хлопзовод көшесіне жарықшамдар қойылады.

Аталған сектор бойынша 2023 жылы 9, 2025 жылы 4 көшені жарықтандыру энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жұмыс жоспарына енгізілді.
2022 жылы ауданда жалпы 17 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.