БИЫЛ 32 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

145
0

Қала әкімі Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуінде III, IV, V секторға қарасты 15 шағын ауданда балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңшаларын орнату барысын айтып өтті.

Өткен жылы ауданның аталған секторында 15 ойын алаңшасы пайдалануға берілген. Соның ішінде 7 алаңша тұрғындардың ұсынысы бойынша салынған.

Биыл 32 ойын алаңын қолданысқа беру көзделіп отыр. Балалар алаңшасы тұрғындардың өтінімі негізінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында орнатылады. Ал, 2023 жылғы жоспарда 23 балалар ойын алаңшасын пайдалануға беру жоспарлануда. Нәтижесінде үш секторға кіретін 15 шағын аудан 100 пайыз ойын алаңшасымен қамтылады.

Сонымен қатар, аталған секторларда биыл 3 жаңа спорт алаңы салынып, 5 алаңшаға ағымдағы жөндеу жүргізіледі. 2023 жылы 5 спорт алаңшасын орнату көзделіп отыр.

Ауданның III, IV, V секторына Тәуке хан, Д.Қонаев, Мәделі Қожа, Қазыбек би, М.Дулати, Желтоқсан, І.Іляев, Түркістан, Қабанбай батыр, А.Анаров, Ш.Рашидов көшелері және Қарасу, Ескі қала, Дархан , Шымкент май зауыты (МЖК) шағын аудандары кіреді.