ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

103
0

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен биылғы жылы қала аумағына орнатылатын бейнебақылау камералары бойынша мәжіліс өтті.

Құқық бұзушылықтарды алдын алу және анықтау мақсатында елді мекендерде бейнебақылау жүйелерін қалпына келтіруді және бақылау аумағын одан әрі кеңейтуді қамтамасыз ету мақсатында, Шымкент қаласының Полиция департаменті 2022 жылға арналған мекенжай бағдарламасын әзірлеп, ағымдағы жылы 200 жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және 800 жалпы бейнебақылау камералары орнатылатын болады.
Жиын барысында былтырғы жылы орнатылған бейнебақылау камераларының тиімділігін арттыру мақсатында анализ жасап, орнатылған нүктелерді қайта қарау мәселесі де талқыланды.
Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылы Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы «Smart City» эталондық стандарына сәйкес, қалалық полиция департаментімен бірлесе отырып, қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 100 көше қиылысына және 200 желілік учаскеге, сондай-ақ, 1500 жалпы бейнебақылау камераларын штатты режимде іске қосып, қалалық Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен ықпалдастырған болатын.

Қазіргі таңда қалада жалпы 14 500 бейнебақылау камералары жұмыс істейді. Қаланың қауіпсіздігін күзететін камералардың арқасында қылмыс саны азайған. Мұның өзі бастаманың жемісті нәтиже беріп жатқанын айғақтаса керек. Жергілікті әкімдіктің басты мақсаты — қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Мәжіліс барысында үшінші мегаполис әкімі Мұрат Әйтенов қала аумағына орнатылатын бейнебақылау камераларын қаладағы қылмыстық көрсеткіші жоғары нүктелерге орнату және бейнебақылау камераларының барлығын қалалық Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен ықпалдастыру бойынша сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.