ҚАЛА ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Шымкент қаласының әкімі және әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің кезекті отырысы Еңбекші ауданының жастарымен өтті. Кездесу барысында Еңбекші ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды.
Қала әкімі жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлері айтылды. Жиында жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектерін мемлекттік бағдарламалар арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру, «Ерікті жастардың біліктіліктерін арттыруға арналған жобалардың санын көбейту, жас режиссерларды қолдауға арналған фестивальдармен іс-шаралардың санын арттыру сыңды ұсыныстар ұсынылды. Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, қаламызды дамуына, көркейуіне жастардың ерекше қолдауы және жауакершілігі жоғары екендігін айтып, жастардаң барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді.
Жалпы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ай сайын әр ауданның жастарымен жүздесіп тұрады. Оған белсенді жастар қатысып, қала әкімімен сұхбаттасып, көкейінде жүрген сауалын қойып, ойында жүрген ұсыныс-тілектерін айта алады. Күні бүгінге дейін бірнеше ауданда кездесулер өтті. Өзекті де өткір мәселелер көтерілді. Тиісті тапсырмалар негізінде жұмыстар да істеліп жатыр. Мұндай жиындардың жастарға берер мүмкіндігі жоғары. Өйткені осы арқылы өңірдегі жастар арасындағы өзекті мәселелер шешімін табады. Сонымен қатар олардың жан-жақты дамуына да барынша мүмкіндіктер жасалмақ. Осының негізінде жастарға барынша жағдайлар жасалып жатқанын да айта кету керек. Мұның өзі өңірдегі жастар арасындағы мәселелерге терең анализ жасауға мүмкіндік беріп отырғаны да белгілі.