БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

106
0

Жыл сайын қыркүйектің үшінші сенбісінде дүниежүзілік тазалық күні аталып өтеді. Жұртшылық назарын қоршаған ортаны таза ұстауға аударатын бұл шара әлемде 2008 жылдан бері тұрақты түрде аталып өтеді. Елімізде бұл акция 2019 жылдан бері өткізіліп келеді.

Биыл «Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day 2022)» жыл сайынғы экологиялық акциясы 17 қыркүйекте болады.
Бұл туралы еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлайды. Акцияның мақсаты халықты аумақты қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар кешеніне жұмылдыру. Сонымен қатар республика халқын қоршаған ортаға жанашырлық танытуға біріктіру.
Қазақстанның Дүниежүзілік «World Cleanup day 2021» акциясына қатысуы Қазақстанды жаһандық әлемдік экологиялық акцияға қатысушы ретінде, «Жасыл» экономика қағидатын іске асыратын және 2030 тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді іске асыратын ел ретінде танытуға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі баршаны бастаманы қолдауға және осы акцияға қатысуға шақырады.