ШЫМКЕНТТЕ 7 ОРЫНДА КӨМІР САТЫЛУДА

73
0

Қазіргі таңда Шымкент қаласында көмірге қажеттілік 66 мың тоннаны құрауда. Алайда, жақын маңда орналасқан елдімекендердің де қысқы отынды қаламыздан келіп алуын ескерген жөн. Осы кезге дейін шаһарға 116,1 мың тонна көмір тасымалданды. Қоймаларда 25 мың тонна көмір бар.

1 тонна көмірдің бағасы 14 750 — 15 100 теңге аралығында сатылымда екенін хабарлаймыз! Құрметті қала халқы! Қыс — қыр астында. Қыркүйек айының соңы да таяп қалды. Осы сәттен бастап, жылыту маусымына қамданыңыздар. Күн суығанда азаматтардың көмірді жаппай сатып алуы көбейеді. Кезекке тұрып, күнұзақ күтіп қалуыңыз бек мүмкін. Мұндай жағдай орын алмауы үшін осы сәттен бастап тұрғындарды көмір алуға шақырамыз.

Шымкенттіктер биыл көмірді 7 жерден сатып ала алады.
1. ЖК «Пернебаев» — Қызылсай темір жол станциясы
2. ЖК «Құралбаев» — Қызылсай темір жол станциясы
3. «Азамат Мұнай» ЖШС — Қойкелді батыр көшесі,  номерсіз
4. ЖК «AVZ-NRADE» — Сайрам тұрғын алабы, Яссауи көшесі, 650
5. ЖК «Arganat» — Клара-Цеткина көшесі, 159
6. «VIP-M» ЖШС — Қойкелді батыр көшесі,  номерсіз
7. ЖК «Қошжанов» — Момынов көшесі, 26

Байланыс нөмірлері:
54-96-54, 8775 833 31 38 (Әл-Фараби ауданы), 53-03-20, 87071638292 (Абай ауданы), 43-31-09, 8702 670 33 00 (Еңбекші ауданы), 77-46-18, 8771 828 40 74 (Қаратау ауданы).

Айта кету керек, бұған дейін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша кезекті жиын өткені турасында жазған едік. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, «3-Энергоорталық» АҚ-дағы 2 турбина, 3 қазандық ағымдағы, транформаторлар күрделі жөндеуден өтті. Қалған 3 бойлерді күрделі жөндеу 82%, қосалқы жабдықтарды ағымдағы жөндеуі 95%-ға орындалған. «Қуатжылуорталық-3» МКК-ға қарасты 15 жылу қазандықтың 13-і дайын. Қалған 2 қазандық дайындық үстінде. 17 сорғы стансалардан 15-і дайын, қалған екеуінде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында 19,4 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізіліп, бүгінге дейін 97% орындалды. 1987 көпқабатты тұрғын үйдің 93,7% яғни, 1863 үй жылыту маусымына дайын. 124 көпқабатты тұрғын үйде жұмыстар жалғасуда.