ВОЛЕЙБОЛ СПОРТ ТҮРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ
Айта кету керек, жуырда Жастар ресурстық орталығында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында «Фан клуб спорт биі» сайысының финалдық кезеңі өтті. Оған жоғары және орта арнаулы оқу орындарының командалары қатысты. Жобаның басты мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік-жігері мен табандылығын шыңдау. Салтанатты шара барысында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының бөлім басшысы Талғат Сәлінұлы жанкүйерлерді құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстады. Финалға үшінші мегаполистегі жоғары арнаулы оқу орындарының командасы арасынан үздік деп танылған 5 команда өтіп, бақ сынасты. Финалдық кезеңде қатысушылардың киім үлгісі, музыка таңдауы, би қойылымы секілді элементтерге баса назар аударылды. Нәтижесінде жоғары оқу орындары арасында бас жүлдені Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің би командасы жеңіп алып, велосипедке ие болды. І орынды (смартфон) – М.Әуезов атындағы ОҚУ би командасы, ІІ орынды (брендбук) – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің би командасы, ал ІІІ орынды (смарт сағат) Шымкент университетінің би командасы иеленді. Жеңімпаздар арнайы бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.