АУДАНДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРУДЕ
Әл-Фараби ауданының әкімі аудан тұрғындармен кезекті есепті кездесуінде кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарымен қоса жоспарларымен де бөлісті, деп хабарлайды Uakit.kz.
Жалпы Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында 207,7 мыңнан астам халық тұрады. Аталған аудан бойынша жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен, электр энергиясымен және табиғи газбен қамту көлемін 100 пайызға, 2023 жылға қарай кәріз жүйесімен қамту көлемін 91 пайызға ұлғайту көзделіп отыр. Бұл туралы аудан әкімі Рашид Мыңбаев шаһар басшысы М. Әйтеновтің аудан тұрғындарымен кезекті есепті кездесуінде айтты.
“Былтырғы жылы сапалы ауыз сумен қамту бойынша «Сәуле» ш/а, «Асар-2» ш/а жұмыстар жүргіздік. Жыл соңына дейін «Текесу» тұрғын алабында желілік жұмыстарын аяқтап, аудан тұрғындарын толығымен ауыз сумен қамтитын боламыз”-деді аудан әкімі.
Сонымен қатар Р.Мыңбаев «Сәуле» мен «Асар-2» шағын аудандарындағы құрылыс жұмыстары таяуда аяқталып, аудан тұрғындары табиғи газ және электр энергиясымен толық қамтамасыз етілетінін айтты.
Аудан көлеміндегі бірқатар көшелерде кәріз жүйесі іске қосылатын болады. Бүгінде “Шолохов” және “Хлопзавод” көшелері бойындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Келесі жылы «Түркістан», «Ақжайық», «Химфарм» шағын аудандарында кәріз жүйесін жүргізетін 2 жобаның құрылысы басталады.
Естеріңіз болса, Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде аудан аумағындағы 34 елді мекеннің 31-і немесе 96 пайызы мемлекеттік электр жарығымен қамтылғанын айтты. Ал қалған 3 елді мекен немесе 4 пайызы жекеменшік трансформаторларды пайдаланады. Биыл Абай ауданы аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылатындығын жеткізген болатын.
Айта кету керек, Шымкент қаласында соңғы жылдар сапалы инженерлік инфрақұрылымын тарту жұмыстары қолға алынған. Күні бүгінге дейін қала аумағандағы бірқатар елдімекендерде сапалы ауызсу, электр жарығы, көгілдір отыны тартылып, ел игілігіне берліген.