ШЫМКЕНТТІҢ 7 КӘСІПОРЫНЫ ХІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУДА

60
0
Екатеринбург қаласында Ресей Федерациясының индустрияландыру саласындағы ең басты шарасы — «ИННОПРОМ» XIII Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтуде. Көрме 13 шілдеге дейін жалғасады.
«Тұрақты өндіріс: Жаңарту стратегиялары» атты тақырып аясында ұйымдастырылған шараға әріптес елдер қатысып отыр. Атап айтқанда, 2015-2022 жылдары Италия, Үндістан, Қытай, Түркия, Оңтүстік Корея және Қазақстан елдері негізгі әріптес елі болған.
Ағымдағы жылы серіктес ел Беларусь Республикасы болып табылады. Көрмеде серіктес елдің және Тәжікстанның ұлттық экспозициялары ұсынылады, сондай-ақ ресейлік және шетелдік компаниялардың стендтері қойылған. Көрме Іс-шараның іскерлік бағдарламасы шеңберінде өтіп жатыр. Ол шамамен 50-ден астам іс-шараны қамтиды. Көрмеде қазақстандық ұлттық экспозицияның ауданы 900 шаршы метрді құрап, 200-ден аса отандық кәсіпорындардың өнімдері қойылды. Шымкент қаласынан аталған көрмеге 7 кәсіпорын қатысып жатыр. Олардың арасында «Mega SMART» ЖШС, «Шымкай» ЖШС — жиһаз, «QazAlPack» ЖШС — алюмин банкілер, «БалТекстиль» ЖШС — кілем, «KASPY GROUP» ЖШС – мұнара крандары, «KazFerroGroup» ЖШС – ферроқорытпа өндірісі бар. Аталған кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынды. Айта кетерлігі, ИННОПРОММЕН қатар көрме кешенінде 7-ші Ресей-Қытай ЭКСПО өтеді, оған 190 компанияның 2000-нан астам өкілінің қатысады. Олардың арасында қытайдың ірі мемлекеттік және жеке өнеркәсіптік холдингтері мен орта Инновациялық компаниялары бар. Көрмеде Ресейдің, Қазақстанның және басқа шет елдердің сауда-өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуеті, сондай-ақ көлік машина жасау, металл өңдеу, цифрлық өндіріс, өнеркәсіптік IT, энергетикаға арналған технологиялар, автоматтандыру, робототехника және басқа салалардағы аса маңызды жобалар ұсынылатын ауқымды экспозиция ұйымдастырылды.