КӨЛІГІҢІЗ ТІЗГІНДЕ БОЛУЫ ҮШІН ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАҢЫЗ
Автокөлікте өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды. Бұл тұрғыда қауіпсіздік ережелерін қаперге алмау өзіңізді де, өзгелерді де сан соқтырады. Себебі көліктегі өрт айналасы 3-4 минуттың ішінде жалынға айналады.
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарға автокөліктерде өрттің болуын алдын алу үшін төмендегідей ескерту жасайды, -деп хабарлайды uakit.kz.
Өрт қауіпсіздігі ережесі бойынша әрбір автокөліктерде өрт сөндіру құралдарын көліктерін техникалық қараудан өткізетін кезде ғана есіне алады. Сондықтан да, көліктегі өрттің орын алуына көп жағдайда автокөлік иелерінің тікелей өздері себепші болады.
Көліктегі өрттің басты себебіне электр жабдықтарының бұзылуы, жанар-жағармай жүйесінің ақауы, жүргізушінің немесе жолаушының салонда шылым шегуі болып отыр. Машинадағы электр жабдықтары, жанар-жағармай мен синтетикалық материалдар тез тұтанып, жылдам жанатыны белгілі. Соның нәтижесінде көлік санаулы 3-4 минуттың ішінде жалынға айналып үлгереді. Сондықтан да, төмендегі өрт қауіпсіздік ережелеріне назар аударған абзал.
Қыс кезінде көптеген жүргізушілер суықтан оталмай қалған көліктің қозғалтқышына ашық отты жағып (факел, ашық спиральды калорифер, паяльная лампа және т.б) жылытатыны белгілі. Бұл мүлде дұрыс емес. Аккумуляторды тікелей көлік құралдарына зарядтауға болмайды. Сондай-ақ, көлікке жарық түсіру мақсатында ашық отты пайдалануға тыйым салынады. Көліктің қозғалтқышына ғана емес, сонымен қатар электрлік жабдықтарына да назар аударып, техникалық қарауды жиі жүргізу қажет. Автокөлікке міндетті түрде өрт сөндіру құралын алып жүру керек.
Көбіне-көп өрт тұтанған кезде жүргізушілер автокөліктің жылдамдығын арттырып, өртті сөндіремін деп ойлайды. Бұл қате түсінік. Мұндай кезде көлікті өшіріп, қолданбалы тежегішке қойып, жолаушыларды дереу көліктен шығарып, өрт сөндіру қызметіне 101 нөмірі арқылы хабарлағаныңыз жөн. Егер өрт жанармай құятын бак жақта болса, онда жағдай өте қиынға әкеп соқтырады. Ондай жағдайда қасыңыздағы адамдармен бірге машинадан қауіпсіз жерге тығылғаныңыз дұрыс. Себебі өртеніп жатқан көлік кез-келген секундта жарылуы мүмкін. Қақпақты ашқан кезде от ұшқындарынан сақ болу керек. Капотты ашар кезде қолыңыз күймес үшін шүберекті пайдаланыңыз. Өрт сөндіру құралын жалынның ошағына бағыттап шашыңыз. Егер өрт сөндіру құралыңыз болмаса, басқа қолда бар құралдарды атап айтқанда, құм, су, қар, брезент немесе жанғыш емес материалдарды пайдаланғаныңыз абзал.
Құрметті автокөлік иелері!
Көлігіңіз әрдайым тізгінде болсын десеңіз оны барынша күтіп ұстағаныңыз жөн. Егер өрт шыққан жағдайда, дереу 101 нөмірі арқылы өрт сөндіру қызметіне хабарлауды қаперіңізден шығармаңыз.
Есіңізде болсын Сіздің көлігіңізді өрттен ең әуелі өрт сөндіруші емес, өзіңіз қорғайсыз.