ТҮРКІСТАНДА 100 ДАНА ТРАНСФОРМАТОР ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
Ашық жатқан немесе ескірген трансформатор Түркістан қаласында 1266 трансформатор бар. Оның ішінде 356 трансформатор Түркістан қаласы әкімдігінің теңгерімінде. Оларды құжаттандыру ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында толық аяқталды. Ағымдағы жылы коммуналдық меншіктегі 100 дана трансформатор жөндеуден өтті, — деп хабарлайды uakit.kz.
Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі ұсынған мәліметтерге сүйенсек, жергілікті бюджеттен 30 дана трансформатор сатып алынған. Қажеттілік туындаған орындарға 18 дана орнатылған. Сонымен қатар №1 және 2 мөлтекауданда орналасқан 9 дана трансформаторға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Одан өзге биыл «Отырар» мөлтек ауданында орналасқан №2 қазандықты №5 қазандыққа қосу жұмыстары аяқталды. Сала мамандары атқарылған жұмыстардың есебінен табиғи газға кететін шығын көлемі мейлінше азаятынын айтады.
Трансформатор сапасының талап деңгейінен табылуы аса маңызды. «ОңтүстікЖарықТарнзит» ЖШС Түркістан бөлімшесінің басшысы Ғани Қойшиев uakit.kz-ке берген комментарийінде «Негізінде әр трансформатор жыл сайын техникалық байқайдан, үш жылда бір рет ағымды жөндеуден, бес жылда бір рет күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Тозығы жеткен трансформаторларды қолдану электр желілерінің сапасына кері әсерін тигізіп қана қоймай, қолайсыз ауа райы кезінде жаңбыр суы мен қарды өзіне өткізіп, істен шығып жатады. Салдарынан бірнеше сағат бойына абоненттердің жарықсыз отыруына алып келеді»,-деді.
Қолданыстағы заң талаптарында абоненттердің бірнеше сағат бойы жарықтан ажыратылуы техногенді апат ретінде сипатталады.