ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫНДАР САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫН ТҰТЫНУДА

99
0

Шымкенттік тұрғындар сапалы электр қкатын тұтынып келеді, деп хабарлайды Uakit.kz.

Шымкент қаласы бойынша жалпы 81 елді мекеннің 73-і толық сапалы электр жарығымен қамтылса, оның 8 елді мекені бүгінде сапасыз электр қуатын тұтынуда.
Бүгінгі таңда сапасыз электр қуатын тұтынып отырған Достық, Тұран, Батыс, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжай елді мекендерінің де жуырда өз шешімін табатын болады.

Қазіргі кезде Қайнарбұлақ және Батыс елді мекендеріндегі электр жарығымен қамту бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары сот шешіміне сәйкес тоқталған. Ал қалған елді мекендерде құрылыс жұмысы өз жалғасын табуда.
Айта кететін жайт, электр қуаты сапасыз елді мекендердің бірі болып табылатын – Сәуле шағынауданында 276 — орамда құрылыс жұмысы аяқталып, 23 тамыздан бастап мемлекеттік жарық беру жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, 2022 жылдың соңына дейін электр қуаты сапасыз қалған 6 елді мекендері яғни Достық, Тұран, Солтүстік саяжай, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілетін болады.
Нәтижесінде, 22 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылуға мүмкіндік алып, көрсеткіш 98 пайызға жететін болады.

Жуырда «Ақжар» қосалқы станциясының да құрылысы аяқталып, іске қосылатын болса, 2023 жылы мегаполистегі барлық елдімекендер 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамтуды көздеп отыр.
Бұдан бөлек, Шымкент қаласының энергетикалық әлеуетін 2025 жылға дейін даму жоспарына сәйкес, 6 дана қуатты таратушы қосалқы станциялар салу жоспарға енген. Олар, «Ынтымақ» 110/10 кВ, «Қызылсу» 220/110/10 кВ,, «Жұлдыз» 220/110/10 кВ, «Тұран» 110/10 кВ, «Шымсити» 110/10 кВ, «Ипподром» 110/10 кВ.

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес қала аумағында тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қолға алынып, бүгінде өз нәтижесін беруде.