ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 2400-ге ЖУЫҚ АЗАМАТ КӘСІПТІК ОҚЫТУ КУРСТАРЫНАН ӨТТІ

78
0
Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды оқытуды 3 бағыт бойынша жүргізіп келеді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бірінші – жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарға кәсіптік білім беру:
Жыл басынан 74 жұмыс берушіден, 29 мамандық бойынша өтінімдер қабылданып, 1632 адам дизайнер, автоэлектрик, кондитер, тігінші, визажист, аспаз және т.б. мамандықтар бойынша кәсіптік дағдыларды игеріп жолдама алса, оның 1553-і оқуын аяқтап, жұмысқа орналасқан.
Екінші — жұмыссыз топты жұмыс берушілердің жұмыс базасында кәсіптік оқыту:
Биыл қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 32 мамандық бойынша жүргізілді. Оқудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктеріне қарай 3 (үш) ай мерзімге жалғасып, 760 азамат жолдама алды. Жалпы 774 азамат білім алып, тиісті куәлікке ие болды.
Үшінші – skills.enbek.kz онлайн кәсіби оқыту платформасы арқылы кәсіби білім беру:
Қазіргі таңда 1976 азамат оқуын аяқтады. Айта кетейік, мұнда талапкерлер 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсырады, онлайн курсты сәтті аяқтап, дағдыларды игеру туралы сертификат алады. Қала бойынша жыл басынан бері 2400-ге жуық азамат кәсіптік білім игерген.
Жалпы аталған мүмкіндіктер арқылы жұмыссыз азаматтар, жаңа мамандық игеріп, кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік алады.
Айта кету керек, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде 2022 жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 29 277 адам қатысты немесе жоспар 87,4% орындалды.
Кәсіби білім беру бойынша 2 392 адамды оқуға жолдау жоспарланған, нақты 3 354 адам оқуға жолданды (140,2%).  Олар:
— 1 632 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыссыздарды жұмыс орындарында оқыту жоспарланған, нақты 1 632 оқуға жолданған (100%);
— 760 адамды жұмыс берушінің жұмыс орнында оқыту жоспарланып, нақты 760 адам жолданды;
— 1 976 адамды дағдыларға онлайн оқытуды ұйымдастыру жоспарланып, нақты 962 адам жолданды (48,6%).
Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3050 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсету жоспарланып, нақты 12 102 адамға кәсіпкерлік қолдау көрсетілген (4 есе). Атап айтқанда:
— 1 900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту жоспарланып, нақты 11 492 адам оқуға тіркелген (6 есе);
— 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру жоспарланған, нақты 610 адамға берілген.
Қала тұрғындары қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өту үшін Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады:
Бәйтереков көшесі №89 (Кәсіптік оқыту бөлімі — 8775-053-39-41)