МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА ЖАҢАРТЫЛДЫ

93
0

Бүгінгі өскелең ұрпақ – ертеңгі елдің тізгінұстары. Сондықтан олардың саулығына айрықша мән берілуі тиіс. Бұл тұрғыдан келгенде, Шымкент қаласында атқарылған жұмыстар орасан. Мәселен, балаларға мамандандырылған көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында Қалалық клиникалық балалар ауруханасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы 96 пайызға дейін жақсартылды, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды.

Сондай-ақ бұрын болмаған онкогематология, нейрохирургия, интервенциялық кардиохирургия, нефрология бөлімшелері ашылып, дамуда. Қазіргі уақытта осы жабдықтың көмегімен церебральды сал ауруы, орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары, ісіктер, гематомалар, ми тамырларының тромбозы сияқты күрделі операциялар мен манипуляциялар жүргізілуде. Жыл басынан бері ҚКБ-да 76  нейрохирургиялық операция жасалды. Қаланың балаларды оңалту қызметі де дамып келеді.  Қазіргі уақытта  жалпы Шымкент қаласы бойынша  9 медициналық ұйымда қалпына келтіру мен оңалту емі  жүргізілуде. Мүмкіндігі шектеулі балаларға оңалту көмегі 4 мемлекеттік орталықта   Оңалту орталығы №1,  Оңалту орталығы  №2  және оңалту орталығы «Мейірім», Оңалту орталығы «Мать и дитя» және 5 мемлекеттік тапсырыс алған  ЖШС «Эскулап»,   «Планета здоровья деток»,  «Medikal City»,   «Kzhol Shymkent»,    «Нури — мед»  жүргізіледі. Жалпы  тәуліктік  балалар  төсек-орын саны — 391, күндізгі төсек орын саны -101.  Айта кету керек, бүгінде стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қалалық перзентхананың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, қызмет көрсету сапасы артқан. Қазіргі таңда мекемеде 53 білікті дәрігер, 171 орта, 87 кіші медперсонал жұмыс істейді. Қала тұрғындарына 153 төсек-орындық стационар қызмет көрсетуде. Материалдық-техникалық база жаңарған. Сәйкесінше, қызмет сапасы да жоғарылаған. Қалалық перзентхананың 6 ғимараты 2021 жылы күрделі жөндеуден өтті. Оған бюджеттен 1,7 млрд теңге қаралған еді. Нысан толықтай соңғы үлгідегі медициналық қондырғылармен жабдықталған, заман талабына сай. 2021 жылы 41 медициналық құрал-жабдық (22-і жергілікті бюджет есебінен) сатып алынды. Жылына 11 мыңнан астам нәресте дүниеге келетін нысан жаңғырту жұмыстары нәтижесінде 12 мыңнан астам ананың босануына жағдай жасалды. Атқарылған жұмыстар аналардың көңілінен шығып жатыр десек, артық айтқанымыз емес.